Тараз тұрғындарына тегін азық-түлік таратылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының орталығында аз қамтамасыз етілген 150 отбасына азық-түлік таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Zhambylnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Қайырымдылық іс- шара «Өркениет» қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Қордың «Ақдастархан» жобасының аясында қаланың Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған ауылдарындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға күнделікті күнбағыс майы, макарон, қант, ұн, шай, күріш сияқты азық-түлік түрлері таратылып берілді. Барлығы 150 отбасыға таратылған себеттің әрқайсысының құны - 6000 теңге.

«Қазіргі қымбатшылық заманда жетім-жесірлерге жәрдемдесіп жатқандарына үлкен рахмет. Мынау бала анасының құрсағында 7 айлық кезінде әкесіз қалып еді. Тапқан бір айлық жалақы ештеңеге жетпейді. Беріп отырған азық-түлікті, біз бір емес, 6-7 айға жеткіземіз», - дейді Айша бибі ауылының тұрғыны Лескүл Әмірова.

Соңғы жаңалықтар