Тараз тұрғындарына Оразада уәде етілген ыстық су тамызда берілетін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз тұрғындары мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айына қарсы беріледі деп уәде етілген ыстық судың қосылуын тағатсыз күткені анық. Алайда, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ерік Көшербаевтың айтуынша, ыстық су Таразда магистралдық және ішкі кварталдық инженерлік желілердің күрделі жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты берілмей қалды.

«Біз республикалық бюджеттен күрделі жөндеу үшін көптен күткен 3,2 млрд. теңгені алдық және енді жөндеу жұмыстарын жазғы кезеңде өткізіп, қалалықтар жылыту маусымына қарсы жылумен қамтып үлгеруі үшін мерзімдерден қалыспауға тырысып отырмыз», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Е.Көшербаев.
Оның айтуынша, облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің үштен екі бөлігін жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған «Тараз энергиялық орталығы» АҚ магистралдық желілерінің 70 пайызы тозған.
Облыстық әкімдіктің энергетика және ТКШ басқармасының мәліметтерінше, Таразда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында Жамбыл даңғылы, Сейфуллин, Момышұлы, Рахымов және Сүлейменов көшелері, сондай-ақ Қойгелді және Сүлейменов көшелеріндегі ішкі кварталдық желілер бойынша жылу магистралдары учаскелерінде үш жоба іске асырылып отыр. Бұдан басқа, Сүлейменов көшесінің соңында жоспарланып отырған ірі тұрғын үй алыбына магистралдық және ішкі кварталдық инженерлік желілерді салу бойынша жұмыстар жалғасын тапты.
Жамбыл облысындағы Тараз, Қаратау, Жаңатас және Шу қалаларында магистралдық және ішкі кварталдық инженерлік желілердің жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары өтіп жатыр. Шілде айында облыстың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында қысқы жылыту маусымына дайындық басталады.

Соңғы жаңалықтар