Тараз тұрғындары қаланың көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға атсалысуда

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз тұрғындары қаланың көшелеріндегі жолдарды жөндеу шараларына қатысты талқылауларға белсенді атсалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараздың көлік инфрақұрылымының ыңғайсыз орналасқандығы жөніндегі мәселе жуырда облыс әкімдігінде өткен жиында көтерілген болатын. Облыс басшысы Асқар Мырзахметов көшелерді жарықтандыру, жол белгілері мен бағдаршамдарды орналастыру сияқты жұмыстардың кешенді әрі білкелкі жүргізілуі қажеттігін айтқан еді.

«Қала әкімдігі облыс орталығы тұрғындарына арнаған үндеуін әлеуметтік желіге жария етті. Онда тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін жол белгілері мен бағдаршамдарды, жаяу жүргіншілерге арналған белгілерді қалай орнату қажеттігі жөніндегі жұмыстарға пікір білдіру ұсынылды», деді ҚазАқпарат тілшісіне Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Гүлбахрам Дүйсекова.

Оның сөзінше, қала тұрғындары әкімдіктің ұсынысына белсенді араласа бастады. Қазір тұрғындардан әкімдікке көптеген хаттар келіп түсуде.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, алдағы уақытта Таразда көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар