Тараз спортшылары армрестлингтен әлем чемпионатынан 16 медальмен оралды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Мажарстанда өткен армрестлингтен әлем чемпионатында жамбылдық қол күресшілер 16 медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап. 

Чемпионатқа әлемнің 44 мемлекетінен мыңға жуық спортшы қатысты. ҚР ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен жамбылдық қол күресшілер 8 алтын, 5 күміс және 3 қола - барлығы 16 медальды қанжығалады.

Ересектер арасында Т.Верина (55 кг), О.Письменная (80 кг), А.Лисианская (+80 кг) - 1-орын, Э.Шадырқұл (60 кг), А.Қараманова (55 кг), Т.Трубина (70 кг), В.Фараджов (65 кг) - 2-орын, И.Рейсов (55 кг) 3-орынды қанағат тұтты.

Жасөспірімдер арасында А.Кәрімбаева (50 кг), Е.Ляхова (65 кг), Б.Рейсов (55 кг), А.Қараманова (55 кг), О.Письменная (+70 кг) 1-орынға лайық деп танылды. Ал Е.Савченка (50 кг) - 2-орын, А.Әбдікерім (70 кг), А.Каст (70 кг) 3-орынды иеленді.

Жалпы командалық есепте бірінші орын Қазақстанға бұйырды. Екінші орында - Ресей, үшінші орын Мажарстанның еншісінде.  

Соңғы жаңалықтар