Тараз шығыс жаңа жылын кәріс театрының қойылымымен қарсы алды (ФОТО)

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда Мемлекеттік республикалық кәріс театрының әртістері өнер көрсетті. Театр труппасы көрермендерге Жаңа жылды Ай күнтізбесі бойынша мерекелеуге арналған «Үлкен отбасындағы Жаңа жыл» атты сахналық қойылымды ұсынды.

«Үлкен еліміз бар, барлығымыз үлкен отбасының мүшесіміз, Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды да бір отбасының баласындай бірге қарсы аламыз», - деп атап өтті Музыкалық комедия мемлекеттік республикалық кәріс театрының шығармашылық басшысы Елена Ким.

Сахналық көрініске драма және балет труппасы, «Самульнори» фильклорлық-этнографиялық тобының (кәріс барабандары) әртістері және солист вокалшылар қатысты.

Мемлекеттік республикалық кәріс театрының труппасы Таразда Жамбыл облысындағы «Коре» кәрістер қауымдастығының шақыртуымен өнер көрсетті.

Мемлекеттік республикалық кәріс театры 1932 жылы құрылған. Корея жарты аралынан басқа әлемдегі жалғыз кәріс театры және әлемдегі ең көне ұлттық кәріс театры болып табылады.

2
3
4

Соңғы жаңалықтар