Тараз мектептерінде 300-ге жуық педагог жетіспейді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы білім мекемелеріне 300-ге жуық педагог жетіспейді. Ал екі қолға бір күрек іздеген жандардың көпшілігі бұл туралы біле бермейді. Бұл туралы ҚазАқпарат 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Осыған орай шаһарда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Игі бастамаға қатысқан 76 жұмыс беруші 380 бос жұмыс орнын ұсынған. Оның 288-і педагогикалық, ал 100-ге жуығы техникалық қызметкерлерге тиесілі мамандықтар. Ал жұмыс іздеп келушілердің саны 1000-ға жетті. Мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырысқан жұмыссыз азаматтар тиісті мекемелерге жолдама алып, бақтарын сынап көрмек.

"Қазіргі таңда 60 мектептің барлығының бос орындар бойынша өтініштері түсті. Сосын жаңағы балабақшаларымыздан түсіп жатыр. Біздің қаламыз бойынша математика, орыс тілі мамандары тапшы болып тұр. Және бастауыш сынып мұғалімдері жетіспейді. Осыған байланысты біз бүгінгі жәрмеңкеде олардың барлықтарын шығарып отырмыз" дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Елдос Кеңесбеков. 

Соңғы жаңалықтар