«Тараз» командасына бас бапкер тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық футбол бапкері Владимир Никитенко «Тараз» командасына бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін 62 жастағы маман еліміздің «Атырау», «Ақтөбе», «Қайсар», «Елімай», «Достық», «Ордабасы», «Жетісу», «Қайрат», «Тобыл» және 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасына жетекшілік жасады.

Бапкерлік қызметінде екі мәрте ел чемпионы атанса, төрт мәрте Қазақстан кубогына қол жеткізді.

Влдаимир Никитенко 2018 жылы «Тобыл» командасында бас бапкер қызметін атқарды.



Соңғы жаңалықтар