Тараз қаласының жылдық бюджеті 53 млрд теңгеден асады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласының жылдық бюджеті 53 млрд теңгеден асады. Бұл туралы бүгін қалалық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ZhambylNews-ке сілтеме жасап. 

Бірақ, салықтық және басқа да кірістердің көлемі 10 млрд теңге көлемінде ғана. Бұл - әрине, төмен көрсеткіш. Сондықтан, қалалық әкімдік мамандары салық органдарымен бірлесіп, кешенді жоспарлы жұмыстар жүргізуде.

Бұдан бөлек, биылғы жарты жылдықтың өзінде қазына қаржысын толық игермеген мекемелер бар.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері мемлекеттік сатылым кезінде тыңғылықты жоспар жасау керектігін атап өтті.

Жиын соңында шаһардағы жылу мекемелерінің қысқы маусымға дайындығы мен мониторинг жұмыстарының нәтижелері айтылды.

 

Соңғы жаңалықтар