Тараз қаласының бас жоспары өзгеруі мүмкін
2022 жылғы 6 шілде 21:37

Тараз қаласының бас жоспары өзгеруі мүмкін

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласының бас жоспары өзгеруі мүмкін. Бұл туралы жаңа жобаны таныстыруға арналған жиында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы орталығының бас жоспарына түзету енгізілген жағдайда Жамбыл және Байзақ аудандарына қарасты 14 елді мекеннен аумағы 11755 гектар жер мен 44 551 адам қалаға қосылады. Сол кезде қала халқының саны 408 235 құрайтын болады. Бас жоспарға сәйкес қала аумағы 30 542 гектарға ұлғаяды.

«Іргедегі 2 ауданнан қалаға енетін 14 ауылға шығып, толыққанды зерделедік. Байзақ ауданындағы 3 елді мекеннен 11 269 адам қаланың құрамына енсе, Жамбыл ауданынан 6 ауылдық округке қарасты 11 елді мекен (33282 адам) қаланың құрамына қосылады. Осыған байланысты бас жоспарда әкімшілік шекара мен қаланы екі әкімшілік ауданға бөлу ұсынылды, шартты түрде - Солтүстік және Оңтүстік», - деп атап өтті қала әкімі Ержан Жылқыбаев.

Айта кетейк облыс және қаланың әрбір тұрғыны Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің ғимаратында екі апта бойы орналасатын жобадағы бас жоспармен танысып, өз ұсыныстары мен тілектерін жазбаша түрде қалдыра алады. Әр ұсыныс хаттамаға енгізіліп, зерделенетін болады.

Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT