Тараз қаласындағы Береке базарынан өрт шықты

Фото:
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы «Береке» базарынан өрт шықты деп хабарлайды, ҚазАқпарат Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«30 қыркүйекте сағат 7.52-де өңірдегі департаменттің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының 101 телефонына Тараз қаласы Мәмбет батыр көшесіндегі «Береке» базарының асханасы мен сауда дүңгіршектерінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жоғары шақырту бойынша департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдары, атап айтқанда 56 қызметкер және 13 техника шықты», - деп жазды ведомстводан.

Өрт сөндірушілердің жалпы күшімен өрт сағат 8.30-да оқшауланған, өртті жою жұмыстары жалғасуда.
Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар