Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Байназаров Сайлауғалы Әбдісалыұлы Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

52 жастағы Сайлауғалы Байназаров Қазақ политехника институтын «тау-кен инженері-электромеханигі» мамандығы, Қазақ ұлттық аграрлық университетін «экономист-менеджер» және «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

1984-2001 жылдар аралығында радиобайланыс, білім беру салаларында және коммерциялық ұйымдарда қызмет атқарып, Шымкент қаласы радиожелісінде үшінші разрядтағы электромонтердан Алматы Технология институтының проректорына дейінгі еңбек жолынан өтті.

2001-2017 жылдары Алматы қаласы және Алматы облысы әкімінің аппаратында әкімдіктің бас инспекторы, Алматы қалалық көгалдандыру департаментінің басшысы лауазымдарын атқарды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Құрылыс дирекциясы» филиалының әкімшілік-құқықтық департаментін басқарды.

2017-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің басшысы болды.

2018 жылғы мамырдан - «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ аппаратының басшысы.

Соңғы жаңалықтар