Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық іздеу жарияланған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялады.

Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ–мен бірлесіп К.А.Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылуда.


Соңғы жаңалықтар