Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап.

«Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, А. Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айрылды.

Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды», - делінген ресми мәлімдемеде.


Соңғы жаңалықтар