«Тараз» футбол клубының бас бапкері тағайындалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін «Тараз» футбол клубының ұжымына жаңа бапкер таныстырылды. Футбол клубын бұдан былай қазақстандық жаттықтырушы, жамбылдық футбол мектебінің түлегі Вахид Масудов жаттықтыратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың маусым айында Тараз құрамасының бас жаттықтырушысы болып Нұркен Мазбаев тағайындалған болатын. Жамбыл футбол мектебінің түлегі, еліміздің екі дүркін чемпионы (1996 және 2000) және «Тараз» сапында жүріп Қазақстан Кубогында үш мәрте жеңімпаз атанған Нұркен Мазбаев бұған дейін аталмыш футбол клубының спорт директоры болып жұмыс атқарған еді.

Жамбыл футболының түлегі, 58 жастағы Вахид Масудов өзінің спорттық мансабын 18 жасында «Химик» (Жамбыл) футбол командасында бастаған. Қазақстандық және кеңестік футболшы саналатын жартылай қорғаушы, КСРО спорт шебері (1986) Қазақстан құрамасында өз тұсында жасындай жарқылдаған. Бір кездері Валид Масудовтың ЦСКА Алматы клубына жетекшілік еткенін біреу білсе, біреуі білмеуі мүмкін. Ал 1999 және 2000 жылдары ол Таразға жаттықтырушы ретінде келген болатын. Өзінің 20 жастағы бапкерлік мансабында Вахид Масудов барлық қазақстандық футбол клубтарын басқарды. Жақында ол Футбол федерациясының Техникалық орталығында жұмыс істеп, онда жас жаттықтырушылармен тәжірибе бөлісті.

«Тараз» футбол клубының ресми сайтында хабарланғандай, Вахид Масуд атақты қазақстандық футболшы. Ол «Химик» (Жамбыл), «Қайрат» (Алматы), «Мелиоратор» (Қызылорда), «Терек» (Грозный), «Ақтөбелік» (Ақтөбе) және тағы басқа командалар үшін тер төгіп, жартылай қорғаушы ретінде ойнаған. «Тараз», «Ақтөбе-Ленто», «Восток», «Қайрат», «Атырау» клубтарында жетекшілік еткен. Қазақстан ұлттық және жастар құрамасының бас бапкері болған оның «Pro» жаттықтырушылық санаты бар.

Бас бапкер өзінің тағайындалғаны туралы жаңалықты қалай қабылдағанын да айтып берген. Вахид Масудовтың бұл ұсынысты ерекше қабылдауының өзіндік мәні бар. Тараз өзінің туған қаласы болғандықтан, бас бапкер клуб құрылымымен толық таныс.

«Тараз» ФК-ның баспасөз қызметінен хабарланғандай, футбол клубының жақында Шымкенттегі алғашқы жаттығу жиындары басталады.

«Менің ойымша, ойыншылар Премьер-Лиганың бұзып кіріп, керемет жұмыс жасады. Бұл үлкен әлеуетті білдіреді. Мен мұнда дүниеге келдім және өстім, футбол мансабын осында бастадым. Жағымды естеліктерімнің бәрі де Таразбен байланысты. Сол себепті Премьер-Лигада клубқа көмектесу үшін бар күшімді саламын», - деп сендірді Вахид Масудов.

 

Авторы: Галина Скрипник

 

Соңғы жаңалықтар