Тараз футбол клубына салынған санкция алынды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстанның футбол федерациясы Тараздың Орталық стадионын пайдалануға шектеу қою жөніндегі санкцияны алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салайық, бір апта бұрын Қазақстан футбол федерациясының Лизензиялау департаменті жамбылдық «Тараз» футбол командасы өз алаңындағы матчтарды көрерменсіз өткізуі керек деген шешімге келді. Сертификаттау бойынша комиссия отырысында ҚФФ және ҚКФЛ басшылығындағы «Орталық» (Ақтөбе), «Мұнайшы» (Атырау) және «Орталық» (Атырау) стадиондарында өтетін барлық жарыстардағы «Матчтарды көрерменсіз өткізу» түріндегі санкцияны қолдану туралы шешім қабылданды.

«Тараз» ФК түсіндіруіне қарағанда, клуб барлық спорттық, құқықтық және қаржылық талаптарды орындаған. Алайда инфрақұрылым төңірегінде бұрын-соңды да айтылып, шешімін таппаған ескертулер бар болған. Стадиондағы ойындарды шектеудің себебі осы.

«2018 жылдың бюджетінде аталмыш мәселелерді шешуге қаржы қарастырылмаған. Алайда клубтың жаңадан келген басшылығы қаражат тауып, Орталық стадионның техникалық тексерісіне мемлекеттік сатып алу бойынша байқау жариялады. Біз көрермен болмаса стадионның көрерменсіз қалмайтындығына сендік», - деді клуб басшысы Қанат Мұсабаев.

Фото: kff.kz

Соңғы жаңалықтар