Тараз емханасына заманауи компьютер томографиясы орнатылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қалалық №2 емханасында контрасты жүргізу мүмкіндігі бар «Uct 528-80 компьютерлік томограф» 80 кесінді жаңа аппараты орнатылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Uct528-80 кесімді жаңа компьютерлік томографы – нарықтағы ең заманауи және көп кесімді, дәл диагноз қою үшін диагностикалау мүмкіндігі бар және радиацияның төмен дозасымен жоғары сапалы суреттерді тез алуға мүмкіндік беретін аппарат.

Онда науқастың максималды салмағының шегі 205 кг дейін болғандықтан үлкен науқастарды да қабылдауға болады.

«Заманауи компьютерлк томографы зерттеудің жоғары жылдамдығын қамтамасыз ете отырып, диагностика үшін орташа есеппен не бәрі 2 минут уақытты алады. Жоғары өнімділігі мен зерттеу жылдамдығын, әсіресе төтенше жағдайларда, суреттерді сапалы түрде визуализациялау және деректерді мұрағаттауға мүмкіндік береді» делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше.

Құрылғы емхананың 1-қабатындағы жеке кіреберісі бар ыңғайлы жерде орнатылған.

Пандемия жағдайында Covid-19 ауруының алдын алудың барлық аспектісі қарастырылған.

Жабдықтың білікті мамандары мен жаңа заманауи бағдарламалық жасақтамасы пациенттердің үлкен ағымымен жылдам, әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мұнда Тараз қаласы мен Жамбыл облысының түкпір-түкпірінен келген науқастар да тексерістен өте алады.


Соңғы жаңалықтар