Тараз базарындағы өрт сөндірілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Тараз базарындағы өрт сағат 14.56-да өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртенген аумақтың көлемі нақтыланып, ол 1050 шаршы метрді құрады.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнында төтенше жағдайдың қайталанбауы үшін тиісті жұмысттар жүргізіп жатыр»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Тараз базарында өрт шығып, 4 адамның құтқарылғаны туралы жаздық.

Фото: t.me/qr_tjm


Соңғы жаңалықтар