Тараз базарында мембағдарламаларды халыққа түсіндіретін орталық ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы «Ауыл-Береке» базарында жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруге бағытталған «Кеңес беру» консалтингілік орталығы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Консалтингілік орталықты «Jas Otan» Жастар қанаты ашып отыр. Оның ашылуында Тараз қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетілді. Арнайы жасақталған медициналық топтың мейірбикелері келушілердің қан қысымын өлшеп, денсаулықты жақсартуға бағытталған кеңестерін айтты.

Консультациялар бойынша 30-дан аса мекеменің қызметін ұсынып отырған аталған орталықтың жұмысы алдағы уақытта сейсенбі-жұма күндері аралығында жүзеге асырылады. Онда «жасотандық» жастар күн сайын түрлі сала мамандарын шақырып, халыққа құқықтық кеңес беруді ұйымдастырмақ. Бұл, мемлекет беретін мүмкіндіктерді мүлт жібермей, халықпен кері байланыс орнату жолдарының бірі.

«Базарда жұмыс жасайтын тұрғындардың көбісі бізге денсаулығына байланысты көптеген өтініштер айтып жатады. Сондықтан да, орталықтың ашылуына орай медициналық көмекті ұйымдастырдық. Бұл, көпшілікке көмек көрсетуге бағытталған бастама десек болады. Жалпы, базардағы көп халық мемлекеттен беріліп жатқан мүмкіндіктерді толық пайдаланбайды. Көбісі – хабарсыз. Міне, сол мүмкіндіктерден хабар беру үшін, сұрақтарына жауап алу үшін орталықты осы жерден ашып жатырмыз», - дейді облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек.

Соңғы жаңалықтар