Тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды - ҚМДБ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуы керек. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында індеттің таралуының алдын алу мақсатында, карантин мерзімінде тарауық намазы мешіттерімізде жамағатпен оқылмайтынын мәлімдейді. Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес береміз. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індетті жеңеміз», - деді Бас мүфти Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Наурызбай қажы Тағанұлы биыл елімізде Рамазан айы 24 сәуір күні басталатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар