Танысының атынан несие алған қызылордалық сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны танысының сеніміне кіру арқылы алаяқтық жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға барысы былайша өрбіді. Сотталушы Ф. жәбірленуші И-ға өзінің банкоматтық карточкасы бұғатталып қалғанын айтып өтініш білдірген. Өтініші арқылы танысынан жалақысын аударып алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірі және банкомат карточкасының 16 цифрлық сандарын алған. Осылайша бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жалған әрекет жасаған.  Оны интернет желісіне енгізіп, танысының атына шағын несиені рәсімдеген. Соның салдарынан жәбірленушіге 100 мың теңге мүліктік зиян келтірген.

«Жалағаш аудандық соты сотталушы Ф-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп таныды. Оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сол  мерзімге пробациялық бақылау белгіленді», - делінген Жалағаш аудандық сотының хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар