+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Танысынан 2,5 млн теңге ақша бопсалаған 22 жастағы көкшетаулық ұсталды

2021 жылғы 18 маусым 02:10
Бөлісіңіз:
Танысынан 2,5 млн теңге ақша бопсалаған 22 жастағы көкшетаулық ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Таныс әйелден жарты жыл бойы 2,5 миллион теңге ақша бопсалап келген Көкшетау қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президентінің Ақмола облысындағы жұмыс сапары жөніндегі видео жарияланды Мемлекет басшысына Ақмола облысының инвестициялық жобалары таныстырылды СҚО-да ауыл тұрғыны интернет-алаяқтардың құрығына түсіп, 2 млн теңгесінен айырылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 30-да қалалық ПБ кезекшілік бөліміне ірі көлемде бопсалау туралы арыз түскен.

«Өңір тұрғыны 2020 жылдың күзінен бастап 2021 жылдың мамырына дейін танысынан 2,5 млн теңге көлемінде ақша қаражатын бопсалағаны анықталды. Жәбірленуші бұл ақшаны қаскүнемге және оның достарының банк карталарына жіберіп отырған. Осы бойынша департаменттің тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 194 бабы «бопсалаушылық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп түсіндірді ведомстводан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласының аумағында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері осы қылмысқа күдікті ретінде облыс орталығының 22 жастағы тұрғынын ұстады.

Белгілі болғандай, күдікті бірнеше ай бойы қорқыту және бопсалау арқылы жәбірленушіні әшкерелейтін ақпаратты таратпағаны үшін әйелден ақша талап еткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT