+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Танысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 27 жастағы көкшетаулық әйел ұсталды

2021 жылғы 17 маусым 22:54
Бөлісіңіз:
Танысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 27 жастағы көкшетаулық әйел ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда танысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 27 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өңірде «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.

Акцияның бірінші күні ақмолалық полицейлер адам саудасына қатысты қылмыстың жолын кесті.

«Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қорқыту және бопсалау жолымен жезөкшелікпен айналысуға өзінің бұрын танысын тартқан 1994 жылы туған күдіктіні анықтады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 308 бабының 1-ші бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «келу туралы міндеттеме» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды», - деді ведомстводан.

Еске салайық, Ақмола облысы аумағына 16-18 маусым аралығында «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасы басталды.

Шара аясында жедел уәкілдер профилактикалық әңгімелер жүргізіп, азаматтарға адам саудасының, заңсыз бас бостандығынан айырудың, еңбек немесе жыныстық құлдықтың құрбаны болмау туралы ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT