Танысын жазаламақ болған павлодарлық шатасып, өзгенің көлігін сүйреп әкеткен
2019 жылғы 23 қараша 16:42

Танысын жазаламақ болған павлодарлық шатасып, өзгенің көлігін сүйреп әкеткен

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодардың 48 жастағы тұрғыны қарызы бар танысын жазаламақ болған. Бірақ көліктерді шатастырып, өзгенің машинасын сүйреп әкеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар қаласының 34 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, 06:30-08:30 аралығында оның Космонавтар көшесінде тұрған «ВАЗ 21043» көлігін ұрлап кеткенін айтып, шағымданды», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Факті бойынша 48 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

«Күдіктінің сөзінше, ол жолда кетіп бара жатып, әлгі автомобильді көрген. Оны қарызын бермей жүрген танысының көлігі деп ойлап, сүйреп әкеткен де, автотұраққа апарып қойған», - деді полицейлер.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Антон Гагарин.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT