Танысын пышақтады деп күдікке ілінген Лисаковск тұрғыны терезеден секіріп, қаза тапты

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Танысын пышақтады деп күдікке ілінген Лисаковск тұрғыны үйіне тәртіп сақшылары келген кезде 8-қабаттың терезесінен секіріп, қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

«27 мамырда бұған дейін сотталған 30 жастағы жергілікті тұрғын ұрыс кезінде танысын пышақтаған. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Полиция қызметкерлері күдікті мен оның тұратын жерін анықтады. Полицейлер оның мекенжайына барған кезде күдікті 8-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Алған жарақатынан қаза тапты», - деп мәлім етті Қостанай облысы полиция департаментінен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106 және 105-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Оқиғаға куәгер болған күдіктінің анасы полицейлерге ұлының бұған дейін суицидтік әрекетін байқағанын мәлімдеді. Суицидтік әрекеті туралы бірнеше рет айтқан», - деп түсіндірді департаменттен.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Сәйкес сараптама тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар