Танысын «пішіп» тастаған келіншек ісі: Астана соты мәліметтің таралуын тексеруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астана қалалық соты өз танысының жыныс мүшесін кесіп тастамақ болған келіншектің ісіне қатысты мәліметтердің жария болуына байланысты қызметтік тексеріс жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы елордалық соттан хабарлады. 

«Аталған құжаттардың таралуына сот қызметкерлерінің еш қатысы жоқ», - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде 36 жастағы келіншек өз сүйіктісін жыныс мүшесінен айырғысы келгені туралы ақпарат тараған болатын.

Желілер мен мессенджерлерде Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының 2018 жылғы 24 қаңтардағы қаулысы ретінде сипатталған фото пайда болды. Ондағы деректерге сүйенсек, сүйіктісінен өзге қызбен көңіл қосты деп күдіктенген 1981 жылы туған әйел, оны интимдік ойын ойнауға шақырып, кейіннен аяқ-қолын байлаған. Сосын дәрі берген. Алдын ала болжам бойынша, ұйықтататын препарат.

Содан соң бар өкпе-ренішін айтып, ер адамның жыныс мүшесіне тіліктер жасай бастаған. «Жазалау» барысында сүйіктісінің азабын жеңілдету үшін әйел оның шабына 3 рет Ледокоин еккен. Кейін қансыраған ер адамды өз көлігімен ауруханаға алып барған.

Соңғы жаңалықтар