Танысын өлтірген ақтөбелік жігіт 8 жылға сотталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Ембі қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері кеш ұйымдастырған. Көңілді кештен соң ақтөбелік мас күйінде жыныс мүшесін ұстаған танысын өлтіріп тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс материалында сүйенсек,  Ақтөбе облысы, Ембі қаласындағы қылмыстық оқиға 2018 жылдың наурыз айында болған. Бір топ қызметкер Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс жасайтын әріптесінің өзге облысқа кететінін атап өтіп, ішімдік ішеді.

Олар отырысты ортақ танысының үйінде жалғастырып, 30 жастағы сотталушы жәбірленушіні өз үйінде қонуға шақырады. Түнде жәбірленуші үй иесінің жыныстық мүшесін ұстаған. Ұйқыдан оянған сотталушы ашуланып, оны тоқтаусыз ұрып-соғып, сүйреп үйінен шығарып тастады. Кейін оның қимылсыз жатқанын көріп, қайтадан үйіне әкеліп, өзі жұмысқа кетіп қалды. Бірақ көп ұзамай анасы хабарласып, танысының қимылсыз жатқанын айтып берген. Сотталушы К.Артур үйіне келіп, полиция қызметкерін шақырды.

Осы оқиға бойынша іс қозғалып, сотталушы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. 

«К.Артур Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі деп белгіленсін. Жәбірленушінің пайдасына 2 миллион теңге моральдық залал, мемлекет пайдасына 650 мың теңге сот шығыны өндірілсін»,- деді судья А. Мусина.

Соңғы жаңалықтар