Танысын 9 млн. теңгеге отырғызған алаяқ алысқа ұзай алмады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО Бөрлі аудандық соты Ақсай қаласының тұрғыны - әйел адамды ҚР ҚК 182-бабы 2-бөлігі «б» тармақшасымен айыпты деп тауып, мүлкін тәркілеумен бірге үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес сотталушы жазадан босатылды. Кепіл түріндегі бұлтартау шарасы үкім заңды күшіне енгенге дейін күшінде қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген соң «Hyundai Santa Fe» маркалы автокөлік кепілге берушіге қайтарылады. Сот сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 9 млн. теңге және мемлекеттік баж салығы есебінде мемлекеттің пайдасына 90 мың теңге өндірді.

Сот талқысында анықталғанындай, Ақсай қаласының тұрғыны танысының үйі банкте кепілде тұрғанын біле тұра, сатып алғысы келген. Таныс әйел кепілдегі мүлікті қайтару үшін 2 млн. теңге қарыз сұраған. Кейін сатып алатын үймен толық есептесу керектігін сылтауратып, тағы 7 млн. теңге сұрап, оны да қақшып алған. Алайда бірнеше рет телефон шалғанда, ақша жоқ деп жауап алған жәбірленуші өзінің алданғанын бір-ақ түсініп, сотқа жүгінген.

Соңғы жаңалықтар