+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Танымал түрколог Кеңесбай Мұсаев дүниеден өтті

2020 жылғы 28 мамыр 19:27
Бөлісіңіз:
Танымал түрколог Кеңесбай Мұсаев дүниеден өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Танымал түрколог, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Кеңесбай Мұсаев 89 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Egemen Qazaqstan» басылымына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда Сағыз өзеніне 2 адам батып кетті 5 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі Атырауда Жайыққа батып кеткен жігітті таба алмай жатыр

Кеңесбай Мұсаев Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында туған. Мәскеуде жарты ғасырға жуық жемісті еңбек етіп, 320-дан астам ғылыми еңбек жариялады. Оның ішінде түркология мәселелеріне арналған 14 кітаптың авторы, «Парасат» орденінің иегері.

2004 жылы Ресей Федерациясының ғылымға еңбегі сіңген қайраткері атағы берілген.

Сонымен қатар ол «Түрік тілі» қоғамының құрметті мүшесі және Мәскеудегі «Қазақ тілі» қоғамының құрметті төрағасы.

Ғалым биыл 24 наурызда 89 жасқа келген еді. Ол негізінен қыпшақ тобындағы тілдердің лексикасын салыстырмалы-тарихи тұрғыда зерттеді. «Қарайым тілінің грамматикасы» (1964), «Лексика тюркских языков» (1975), «Лексикология тюркских языков» (1984), «Развитие терминологии на языках союзных республик СССР» (1986-1987) атты екі томдық еңбектің жауапты редакторы болды әрі қазақ терминологиясы бөлімін жазды. Мәскеудегі «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы ретінде де тілге қызмет етті. Түркітанушылар, тілші ғалымдар оның еңбектерімен жақсы таныс. Кеңесбай Мұсаев мықты лексиколог, белгілі түркітанушы ғалым, қазақ лингвистерінің Ресейдегі белгілі өкілі еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT