Танымал тележүргізуші өтірік айтқаны үшін қызметінен қуылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың танымал тележүргізушісі эфирде шындықты бұрмалағанын мойындаған соң жұмыстан шығарылды, деп жазады Би-би-си.

Брайан Уильямс NBC телеарнасының прайм-таймдағы жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі болған.

Ол 2003 жылы Иракқа басып кіру кезінде оның тікұшағын зымыран қағып түсіргені туралы оқиғаны ойдан шығарғанын мойындаған. Уильямс телекөрермендерден кешірім сұрады.

Бұдан басқа, Жаңа Орлеандағы мемлекеттік медициналық ұйым өкілінің айтуынша, Уильямс Катрина дауылы туралы жасалған репортаждан кейін бұл қалада дизентерияны жұқтырып алдым деп өтірік айтқан.

NBC телеарнасы ішкі тергеуін бастады.

Соңғы жаңалықтар