Танымал спортшылар ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасыға шынайы ризашылықтарын білдіруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің танымал спортшылары әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына мәлімдемесіне орай пікірлерін білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарының бокстан күміс жүлдегері Василий Левит: «Президент мырза, барлығы үшін де рахмет!», деп жазды.

Ал әлемнің 4 дүркін және Қазақстанның 4 дүркін рекордшысы Сергей Цирульников: «Президент мырза, барлығы үшін де Сізге ризашылығымды білдеремін», - деген жазба қалдырды.

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбаева: «Бұл өзгерістер оң болғай! Рахмет!», - деп атап өтеді.

Ал 2012 жылы Лондон жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров: «Тарихи күн. Рахмет, Президент мырза! Бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу үшін! Еліміздің қалыптасуы үшін, біздің тарихымыз үшін жасаған істеріңіз үшін!», - деп ағынан жарылады.

2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин: Бәріне де рахмет! Президент мырза!

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдеме жасап, онда Президенттік өкілеттігін тоқтататындығын жария еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар