+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Танымал  спортшы  Уалихан Тен Алматы әкімінің кеңесшісі болды

2019 жылғы 23 тамыз 13:30
Бөлісіңіз:
Танымал  спортшы  Уалихан Тен Алматы әкімінің кеңесшісі болды

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат- Танымал қазақстандық спортшы әрі қоғам белсендісі Уалихан Тен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кеңесшісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне басшы тағайындалды Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болып тағайындалды Бейбіт Атамқұлов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды

Ол спорт бойынша әкімнің штатан тыс кеңесшісі болды. Бұл туралы оның Instagram-дағы парақшасында айтылды.

Уалихан Тен, 1979 жылы туған. Теннің екі жоғарғы білімі бар. Ол Энергетика және байланыс институтын, сондай-ақ Спорт және туризм Академиясын бітірген. Тен - пауэрлифтинг бойынша Әлем, Еуропа және Азия чемпионы, бодибилдингтен ҚР чемпионы, екі дүркін Әлем және Азия чемпионы, пауэрлифтинг бойынша Еуропа чемпионы.

Қазіргі уақытта - World Class Almaty фитнес-клубының басқарушы директоры. Ол сонымен бірге WRPF KZ пауэрлифтинг федерациясының және WPC KZ-тің президенті, WRPF-тің Қазақстандағы ресми өкілі. 2018 жылдың аяғынан бастап, ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының бас директоры.

Сондай-ақ, ол «Almaty Triathlon Federation» қоғамдық бірлестігінің және «Бірінші болу батылдық!» (Алматы марафоны) корпоротивтік қорының қамқоршылық кеңестерінің мүшесі.

2015 жылы спортшы көпжылдық тәжірибе негізінде «Другой ты!» кітабын жазды, онда дене шынықтыру, тамақтану, күн тәртібі және т.б. сабақтар бойынша ұсыныстар айтылды.


Фото: comode.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әкім, Алматы, Тағайындау,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT