Танымал спортшы Анастасия Смирнова жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 16 жастағы спортшы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семсерлесуден спорт шеберіне кандидат Анастасия Смирнова досымен кездесуден соң үйіне оралмаған.

Қыздың анасы Екатерина Смирнованың айтуынша, 23 шілде жексенбі күні бойжеткен кешкі сағат 8 -00-дер шамасында үйінен шығып кеткен. Анасына бір досымен кездесетінін айтқан.
null 

«Кездесіп келемін деді. Досы болар деп үндемедім. Көшені аралап келер деп. Бір уақытта кеш болып кеткен соң телефон соға бастадым. Телефондары өшіп тұр. Екеуі де хабарсыз. Содан полицияға хабарластық. Жігіттің әкесі келіп, олар да іздеп жатыр», - деді анасы.

Анасының айтуынша, соңғы уақытта қызының мінез-құлқынан ешқандай өзгеріс байқамаған.

«Шымбұлақта түскен суретін жариялапты Инстаграмға. Біраз уақыттан соң өшіріп тастады. Ол әлгі баламен қашып кетуі де мүмкін. Бірақ еркінен тыс алып кетуі де ғажап емес қой», - деді анасы.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Анастасияның телефонының IMEI коды арқылы соңғы рет Сайран автобекетінде болғаны анықталған.

Қыздың жақындары оларды көргендер болса хабарласуын өтінді.

Соңғы жаңалықтар