Танымал сазгер Нышан Төлегенов 60 жасқа толды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында танымал сазгер Нышан Төлегеновтің «Сырлы  саз  саңлағы» атты кездесу кеші өтті. Облыстық ғылыми-əмбебап кітапханасында өткен шара композитордың 60 жасқа толуына орай ұйымдастырылды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Кештің кейіпкері Нышан Төлегенов - Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қызметкері, Бәйдібек  ауданының  Құрметті  азаматы, танымал әнші және сазгер.  Өңірдің осындай дарынды перзенттерінің бірі бүгінгі күнге дейін "Арыстанбаб", "Түркістан", "Бəйдібек баба", "Төле баба", "Домалақ ана" , "Алғабасым" сынды көптеген əуезді əндерді жазған. Ал  кітапханада өткен кеш өнер адамының  өмірі мен шығармашылық жолын дәріптеу  мен жастарды ән өнерінің құдіретін айқындап, құрметтей білуге баулу мақсатында ұйымдастырылды. Шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері мен мəдениет жəне өнер қызметкерлері, кітапхана басшылары, мерейтой иесінің үзеңгілес достары мен жақындары, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.



Кездесу барысында сазгердің өмірі мен шабытты шығармашылығы дəріптеліп, өнерде жеткен жетістіктері мен  қоғамдық негізде атқарған жұмыстары туралы айтылды. Өнер майталмандары болса Нышан Төлегеновтің сыршыл қасиетінен туған əндерін орындап, елдің ықыласына бөленді.

Қазақстанның халық ақыны, айтыс өнерінің дүлдүлі Əселхан  Қалыбекова жүрекжарды арнауын оқып, сазгер жанын тебірентсе, Д. А. Қонаев атындағы Республикалық қордың төрағасы Асанбай Əлсейіт қор атынан арнайы төсбелгі мен алғыс хат табыстады.

Соңғы жаңалықтар