Танымал режиссердің ұлы адам ұрды деп айыпталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда белгілі режиссер Рүстем Әбдірәшевтің ұлы Әбілқайыр Жарасқан адамды соққыға жықты деп айыпталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы тұрғыны Наталья Батухтина әлеуметтік желіде Әбілқайыр Жарасқан екеуінің арасында болған кикілжің туралы жазған болатын. Оның айтуынша, олар жолды бөлісе алмаған.

Оқиға 9 наурызда Бостандық ауданында болды.

«Полицияға арыз 9 наурызда түскен. Полиция Әбілқайыр Жарасқанның іс-әрекетіне құқықтық баға беріп, соған қарай шара қолданатын болады», - деді ПД баспасөз қызметінен.

Кейінірек Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев айыпталушыдан нунчаки атты қару тәркіленгенін айтты.


Фото: www.facebook.com/natalya.batuhtina
Соңғы жаңалықтар