Танымал репер Снуп Дог Италия әуежайында 450 мың доллармен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия полициясы өзімен бірге 422 мың ақшасын ала кетпек болған танымал рэпер Снуп Догты ұстады, деп хабарлайды Reuters өнер жұлдызының қорғаушысы Андреа Парисиге (Andrea Parisi) сілтеме жасап.

ЕО-та жолаушыларға өзімен бірге алатын декларацияланбайтын ақша сомасы 11 мың АҚШ долларына тең.

Рэпер Ұлыбританияға жекеменшік ұшақпен етпек болған. «Бұл ақша оның (Снуп Догг) Еуропада ұйымдастырылған концерттеріне байланысты берілген. Бұл қылмыс емес, бұл қарапайым әкімшілік тәртіпсіздік», - деп мәлімдеді Париси.

Снуп Догг мамырда 10 музыкалық композициядан тұратын Bush альбомы жарыққа шыққан соң Еуропада концерттік турын өткізген.

Forbes журналының ақпаратынша, Снуп Догтың дәулеті 14 миллион долларға бағаланады.

Соңғы жаңалықтар