Танымал «Наурыз-думан» әніне тұңғыш рет бейнебаян түсірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Қазақпарат - Танымал «Наурыз-думан» әніне тұңғыш рет бейнебаян түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Jevis продакшн-студиясына сілтеме жасап.

«Жаңа жылға жаңа тарту! «Наурыз-Думан« әніне түсірілген тұңғыш бейнебаянның әлемдік тұсаукесері! 32 жыл шырқалған әннің алғашқы бейнебаянын әз Наурызға әзиз үмітін жалғайтын баршаға Jevis командасы ұсынып отыр. Ұлыс оң болсын, ағайын!», - делінген хабарламада.

Әнді Роза Рымбаева, Мәди Сыздықов, AYREE, Қарақат Башанова, ӘMRE, Ержан Максим шырқады.

Танымал әннің сөзі Мұқағали Мақатаевтыкі, әнін композитор Талғат Сарыбаев жазған.

«Наурыз мейрамының ал­ғаш тойлана бастаған кезі бола­тын. 1988 жылы Мұқағали Ма­қа­таевтың кітабын алып ар­найы композитор Талғат Са­рыбаевқа бардым. Ақынның «Наурыз-думан» өлеңіне ән жазып беруін өтіндім. Өзімнің болашақ туындыны қалай кө­ріп тұрғанымды сөзбен сурет­теп бердім. Композитор ойым­ды бірден түсінді. Мен қала­ған мінез бен стильде ән жазды. Жол­дасым Тасқын Оқапов – му­зы­каның білікті маманы еді ғой. Өзі режиссер, өзі композитор, өзі ән өңдеуші болатын. Жаңа туындыны бірден ұнатты. Содан «Наурыз-думанды» тұ­тас композицияға айналдыруды ұсынды. Оның ұсы­­ны­сымен әннің ортасына атақты «Шер­нияз» күйін қос­тық. Әннің ұлт­тық бояуы қа­лыңдап, тынысы кеңіп, қа­зақ­тың нағыз болмысын, қо­нақ­жай да дархан пейілін көз ал­дыңызға келтіретін ән­мен тың­дарман осылайша қау­ыш­ты» – деп Қазақстанның халық әртісі, атал­мыш әннің алғашқы орындаушысы Роза Рымбаева бір әннің тарихына қатысты өз естелігімен бөлісті.

Клиптің режиссері Жансая Көпбаева, қоюшы операторы Еркінбек Пітірәлиев, суретшісі Бекен Нарбай. Әуенді өңдеуші Әли Оқапов.


Соңғы жаңалықтар