Танымал КВН-ші «Астана» футбол федерациясының президенті болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Астана футбол федерациясының есептік-іріктеу конференциясы болып өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Конференицяның күн тәртібінде «Астана» футбол федерациясының президенті Лашин Аймағамбетовтің есебі тыңдалып, федерацияға жаңа президент таңдау және атқарушы комитеттің құрамындағы өзгерістер мәселесі қаралды.

Атқарылған жұмыс бойынша АФФ президенті мен тәуелсіз аудитордың қаржылық есебі бекітілгеннен кейін конференцияның делегаттары өз өтініші бойынша АФФ президенті Лашин Аймағамбетовтың өкілеттігін тоқтатуға дауыс берді. Федерацияның жаңа басшысы етіп бәрі бір ауыздан Мәлік Хасеновті таңдады.
null 

«Бұрынғы басшының атқарған жұмысына зор алғысымды білдіремін. АФФ жобаларының ауқымы құрметке лайық. Экономист ретінде әрбір идея материалдық тұрғыда қолдау табу керек екенін білемін. Басталған істі жалғап, алға ғана жылжи беретінімізге сенімдімін», - деді АФФ жаңа басшысы.

Федерацияның атқарушы комитетінде де өзгерістер бар. Александр Коночкиннің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін «Астана» футбол клубының атқарушы директорлығына Қайсар Бекенов келді.

АФФ сайтының хабарлауынша, Астана соңғы жылдары шынында да футболсүйер қалаға айналып келеді. АФФ-тың басты бағыттарының бірі - балалар-жасөспірімдер футболын дамыту. Федерацияның жанында Балалар футбол орталығы табысты жұмыс атқарып жатыр.

Соңғы жаңалықтар