Танымал қоғам қайраткерлері мен Ұлттық кеңес мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа шараларын қолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты қоғам белсенділері Үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда Мұрат Әбенов, Андрей Чеботарев, Ерлан Саиров, Төлеутай Рахымбеков, Ауыт Мұқибек, Рауан Кенжеханұлы, Ұлықбек Есдәулет, Қабдеш Жұмаділов, Eсенғали Раушанов, Серік Ақсұңқарұлы, Берік Әбдіғалиұлы, Марат Бәшімов, Бакытбек Смағұл, Талғат Қалиев, Максим Споткай, Дәурен Қуат, Асхат Садырбай сияқты танымал қазақстандық қоғам қайраткерлері мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамырында Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қорытынды мәжілісінде жариялаған бастамаларына қолдау білдірді.

«11 мамырда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай режимінің аяқталғанын жариялады. Төтенше жағдай режимінің енгізілуінің арқасында коронавирустың елде кеңінен таралуына жол бермеудің нақтылы әрі тиімді шаралары жасалды. COVID-19 коронавирус инфекциясымен күресудің қазақстандық стратегиясы халықаралық сарапшылар тарапынан да жоғары бағаланды»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 11 мамырдағы Мемлекеттік комиссия отырысында Мемлекет басшысы пандемия мен экономикалық дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы және азаматтардың әл-ауқатын қолдаудың жаңа тетіктерін ұсынды.

«Біз Мемлекет басшысы ұсынған шараларды толығымен қолдаймыз. Бұл бастамаларды іске асыру пандемия кесірінен туындаған экономикалық дағдарыс кезінде маңызды экономикалық және әлеуметтік шығындардың алдын алады. Сондай-ақ, төтенше жағдайдың тоқтатылғанына қарамастан, біз қазақстандықтарды карантин нормалары мен талаптарын сақтауға шақырамыз.

Пандемиямен күрес әлі де жалғасуда. Қалыптасқан жағдайдың қаупі мен маңыздылығын ескермеуге болмайды. Азаматтарды биліктің барлық нұсқауларын орындауға және одан әрі карантин шараларын сақтауға шақырамыз. Бұл жағдайға бейжай қарамауды өтінеміз. Біздің қауіпсіздігіміз бен әл-ауқатымыз бірінші кезекте өзіміздің жауапкершілігімізге және әлеуметтік қашықтық стандарттарын сақтауға байланысты. Сынақты бірге өткерейік!»,-делінген Үндеуде.


Соңғы жаңалықтар