Танымал кинорежиссер Болот Шамшиевтің Мерседесін өртеп жібергендер ұсталды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Танымал кинорежиссер Болот Шамшиевтің «Мерседесін» өртеп жіберді деп күдікке ілінгендер ұсталды, деп хабарлайды «Кабар» агенттігі  Бішкек ҚІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 жастағы Ш. К. және 25 жастағы Л.Ю күдікке ілінген.

Еске салайық, 2018 жылы қарашаның 8-нен 9 қарашаға қараған түні үй ауласында тұрақта тұрған «Мерседес Бенц Е230» маркалы машинаны айдап әкеткен. Келесі күні ол Ыссық-Ата ауданы Милянфан ауылында доңғалақтарынсыз өртенген күйі табылған.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар