Танымал дизайнерді өлтірген күдікті 11 жылға сотталды
2021 жылғы 22 ақпан 11:36

Танымал дизайнерді өлтірген күдікті 11 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Bisen» атымен танымал дизайнер Сәбит Сыраханның өліміне кінәлі адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот Сағыныш Дүйсенғалиевті ҚРҚК 99-бабы, 1-бөлігі «Кісі лтіру» бойынша кінәлі деп таныды.

«Сот үкімімен С. Дүйсенғалиев 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сотталаушы қаза тапқан жігіттің отбасына 10 млн теңге моральдық залал өтеуге міндетті»,- деп хабарлады Соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін, прокурор айыпталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Еске салайық, қазақстандық дизайнер 2020 жылдың күзінде кісі қолынан қаза тапты. Айта кетейік, Сәбит Bisen - танымал streetwear-брендінің дизайнері болған.

Оның қазасы туралы достары мен әріптестері әлеуметтік желіде хабарлаған еді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT