Танымал британдық телеарна Головкиннің үздік бес нокаутын көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Ұлыбритания мен Ирландиядағы «BT Sport» спорттық арналар тобы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34КО) мансабындағы ең маңызды ТОП-5 нокаутын көрсетті. Бұл туралы «Қазақстанның кәсіпқой боксы» ВКонтакте әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Танымал ресурстың пікірі бойынша, Головкин Доминик Уэйд (2016), Гжегожа Прокса (2012), Мэттью Маклин (2013), Нобухиро Исида (2013) және Марко Антонио Рубиомен (2014) айқастарында қарсыластарын нокаутқа түсіріп, жұртты таңғалдырған. 

Еске салайық, отандық чемпион өзінің алдағы жекпе-жегіне қызу дайындық үстінде. 15 қыркүйекте Головкин T-Mobile Arena-да мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске қарсы екінші айқасын өткізеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар