Танымал блогер өзін құттықтаудың орнына қайырымдылық жасауды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал блогер Әлішер Елікбаев өзінің туған күнінде ілтипаттан бас тартып оның орнына қайырымдылық шарасына ат салысуды ұсынды.

«Бір сағаттан соң әлеуметтік желі менің туған күнім екенін еске салып, достарыма құттықтауды ұсынады. Көп адамдар құттықтайды. Алайда мен сөзден гөрі әрекеті құптаймын. Сондықтан былтырғы науқанды ұсынамын», - деп жазды ол Фейсбуктағы парақшасында. 

Ол құттықтаушыларды қайырымдылық шарасына ат салысуды сұрады. Яғни, «Балаларға өмір сыйла» жобасының 9099 нөміріне әркім  өз ұялы телефонынынан 1 санын жібереді. Келте хабарлама үшін алынған 280 теңге ауыр насқасқа шалдыққан бүлдіршіндерді емдеуге жұмсалады.

«Былтыр біз бір күнде 200 мың теңгеден астам қаржы жинадық. SMS жіберуден рекорд орнатылды (қатардағы статистика 40 минутта 1 SMS болса, сол жолы 2 минутта 3 хабарламадан келді», - деп жазды Елікбаев. 
Қайырымдылық шарасына ат салысқандар хабарламаның көшірмесін пікір орынан жариялай алады. Блогердің айтуынша, бұл -  мақтан емес, керісінше басқаларға үлгі көрсету үшін қажет екен. 
Еске сала кетсек, «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық шарасының басты міндеті мен мақсаты - Қазақстанда емделмейтін түрлі дертке шалдыққан балаларға медициналық қолдау көрсету, кішкене сәбилердің өмірін сақтап қалу, ата-аналарына көмек қолын созып, жәрдем беру. Қайырымдылық қор, негізінен, баласын емдеуге өз бетімен қаражат таба алмайтын, тұрмыс жағдайы нашар отбасыларға көмек көрсетеді. Оған қажетті қаржы түрлі тәсілдер арқылы жиналады.
«Осы 4 жылда біздің ерікті қоғамдық қайырымдылық қор 2 млн 142 мың доллар ақша жинап, 342 балаға ота жасатты», - деп мәлім етті жобаның авторы, Ерікті қоғамдық қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин.

Соңғы жаңалықтар