+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Танымал әртіс Том Харди мотоциклді айдап кеткендерді ұстады

2017 жылғы 26 сәуір 06:16
Бөлісіңіз:
Танымал әртіс Том Харди мотоциклді айдап кеткендерді ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық актер Том Харди Лондонда мотоцикл ұрлауға қатысы бар жасөспірімді қуып жетіп, ұстап алған, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Екі жасөспірім көшедегі көліктің біріне мотоциклмен келіп соғылған. Әртіс тұра қашқандардың бірінің соңына түседі, ал екіншісін полиция қызметкері ұстап алады.

«Том оқиға болған кезде көшеде кетіп бара жатқан. Мен одан не болды деп сұрағанда, ол қашқан жігіттің бірін балбақшаны айнала бергенде ұстап алғандығын айтты», - дейді куәгер Пуллен.

16 жастағы екі күдіктіні полиция қамауға алды. «Ұсталған екеу ұрланған мотоциклмен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетуді ойлаған, алайда осы кезде машинаға соғылды», - деп мәлім етті полицейлер.

39 жастағы Том Харди «Жұлдызды жол: кек алу» (Star Trek: Nemesis) фильміне түсіп көпшілікке танымал болған. Содан бері ол 30-дан астам фильмдегі рөлдерді сомдаған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT