+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істеп, отбасын асырау керек - Сапарбаев

2019 жылғы 15 наурыз 03:03
Бөлісіңіз:
Таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істеп, отбасын асырау керек - Сапарбаев

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеге келген Үкімет тобы көмек сұрамас бұрын ұсынған жұмысқа барып, жұмыс істеуге кеңес берді. Себебі, жұмыс істемейтін адамның отбасы атаулы әлеуметтік көмек те ала алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көмек сұрап, үй алу кезінде қиындық көрген отбасылардың жайын жеке-жеке қарауға уәде етті. Дегенмен жұмыс істеп, еңбек етуден қашатын адамдардың бар екенін жасырмады.

«Таңның атысы, күннің батысы жұмыс істеп, отбасын асырау керек. Өзім Алматыда пәтер жалдап тұрып, қаржы министрлігінде жұмыс істедім. Сағат 18:00-ден кейін жүк тасушы болдым. Көбі солай жұмыс істеді. Сондықтан жолдастарыңызды жұмысқа жіберу керек. Ауырды, денсаулығы жоқ деп қиын жұмыстан қаша берсе, үйінде жата береді», - деді Бердібек Сапарбаев.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова әлеуметтік атаулы көмек алу үшін кез келген жұмысқа орналасуға кеңес берді. Себебі, кем дегенде 40 мың теңге еңбекақы алса, балаларға жәрдемақы алу мүмкіндігі қарастырылған.

Еске салсақ, Үкіметтің жұмыс тобы Ақтөбеге келіп, жастармен, көпбалалы аналармен кездесу өткізді. Жиын кезінде ақтөбелік көпбалалы, мұқтаж отбасының аналары тұрғын үй, жұмыспен қамту мәселесін қозғады.

«Ең үлкені - баспана мәселесі. Елімізде 340 мың көпбалалы отбасы бар болса, оның 28 мыңнан астамы баспана кезегінде тұр. Ақтөбе облысына тұрғын үй салуға 2,7 миллиард теңге бөлінеді. Жылына 323 пәтер, 7 жылда 2153 пәтер салынады деп жоспарланған», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT