Танк және инженерлік-саперлік рота командирлері біліктіліктерін арттыруда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлық әскерлері Әскери институты оқу-жаттығу орталығының базасында танкі және инженерлік-саперлік роталардың командирлерімен «Тактик» біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

«Курс жауынгерлік арналымға сәйкес сеніп тапсырылған бөлімшелердің қолдануды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа білім игеру және шеберлікті шыңдау, ұрысты жүргізудің заманауи жағдайында олардың жауынгерлік мүмкіндіктерін шебер пайдалану мақсатында өткізіледі», - делінген хабарламада.

Курстың өткізілуі барысында оқып-үйренушілер 11 пәнді зерделейді. Курсты өткізуге барлығы 226 оқу сағаты бөлінген. Оның ішінде, теориялық сабақтарға 53 сағат, практикалық сабақтарға 173 сағат бөлінді. Оқу сабақтарын өткізу үшін практикалық әскери тәжірибесі бар институттың командалық және оқытушылар құрамынан анағұрлым дайындалған мамандар тартылды.

Оқу аяқталысымен негізгі оқыту пәндері бойынша бағдарлама көлемінде кешенді емтихан өткізіледі. Осы бағдарламаны меңгеру нәтижесінде офицерлер лауазымдық арналымға сәйкес функционалдық міндеттерін шебер әрі сенімді орындау үшін өздерінің кәсіби дайындықтарын арттырады. Курс аяқталған соң «Тактик» курсының бағдарламасын меңгерген офицерлерге сертификаттар беріледі.

Соңғы жаңалықтар