Танк пулеметі, винтовка, револьвер: Полицияға қандай антикварлық қару тапсырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Асылбек Ыдырысов құқық қорғау органдарына осы уақытқа дейін тарихи құндылығы бар қандай қарулар тапсырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Антикварлық және тарихи құндылығы бар қару криминалистикалық бөлімшелердің заттай коллекцияларына немесе Ішкі істер министрлігінің мұражайларына берілуі мүмкін. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 2012 жылы ерікті түрде ҰОС кезінен қалған 12,7 мм калибрлі «Никонов-Семенов-Владимировский-Танковый» маркалы танк пулеметі тапсырылды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Семей қаласында 1882 жылы Итальяда шығарылған 32 калибрлі «Веттерли-Витали» винтовкасы мен «Лефоше» револьвері, агенттік жұмыстарға арналып, 1936 жылы шығарылған калибрі 6,5 мм-лік «ТОЗ» ойық ұңғылы тапаншасы тапсырған. Ал Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны полицияға «Пистолет-пулемет Шпагина» тапаншасын өткізген.

«Павлодар облысында 1891 жылы шығарылған «Фролов» конструкциясының тегіс ұңғылы атыс қаруының кесіндісі өткізілді. Бұл қару түрлері экспонат ретінде полиция департаменттерінің мұражайларына берілді», - деді Асылбек Ыдырысов.

Айта кетейік, 20 сәуірде елімізде халықтан заңсыз қару-жарақтарды сатып алу акциясы басталады. Оған бюджеттен 95 млн теңге бөлініп отыр.



Соңғы жаңалықтар