Танк биатлоны: Қазақстандықтар сайыстың алғашқы кезеңінде мәреге бірінші болып жетті

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласының «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» сайысының жеке жарыс кезеңі жалғасуда. 22 минут 16 секунд нәтижесімен қазақстандық танкшілер бірінші болып мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
«Қашықтықтан өту кезінде танк экипаждарына тек жылдамдықты ғана емес, сондай-ақ зеңбіректен, зениттік және қосарлы оқшашардан ату дәлдігін көрсету маңызды болды. Жақсы нәтиже көрсеткен команда айып шеңберінде қалмайды. Ауыр машинаны басқару шеберлігін сынау үшін бірқатар кедергілерден өту қажет», делінген хабарламада.
Шұңқырлардан, жыралар мен қорғандардан өту танктер сайысын қыздыра түсті. Біздің экипаж бұл кезеңдегі сынақтан сүрінбей өтті. Қазақстандық танкистер жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жылдан жылға биатлонның мықты командаларының бірі ретінде өз шеберліктерін шыңдауда.
Айта кетейік, «Танк биатлоны» сайысы үш кезеңнен тұрады. Екінші кезеңде әр қатысушы елдің үш танк экипажы командалық жұмысты көрсетіп, бір танкпен өзара ауыса отырып өнер көрсетеді. Ал, финалдық кезеңде жүлделі орындарды иемдену үшін үздік танк экипаждарының төрттігі бәсекеге түседі.
- Санкт-Петербургте ҰҚШҰ әскери комитетінің отырысы өтті
- Қорғаныс министрлігінде қаза болған әскери қызметшілерге мемориал ашылды
- Биыл Петропавлдағы әскери-техникалық мектепті 260 түлек бітірді
- ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери спортшыларға құрмет көрсетілді
-
Елордалық авиация базасының құрылғанына 21 жыл толды
-
Әскери қызметшілер арнайы дайындықтан өтіп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам