«Танк биатлоны»: Қазақстан командасы мәреге бірінші болып келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәскеудегі «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» сайысы жалғасуда. Жарыста 22 минут 16 секунд нәтижемен қазақстандық команда бірінші болып мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қашықтықты еңсеру экипаж үшін жылдамдықты ғана емес, сонымен бірге зеңбірек, зениттік және пулеметтен оқ ату сияқты тәсілдерді талап етті. Көп тонналық техникалар бірқатар кедергілерден өтіп, мамандар тәжірибелерін ортаға салды.

Қазақстандық команда биатлон барысында мықты командаларының бірі ретінде өздерінің шеберліктерін растады. «Танк биатлоны» үш кезеңнен тұрады. Келесі кезеңде әр қатысушы елдің үш танктік экипажы бірлесіп, бір ұжым болып жарысады. Ал финалда үздік төрт танк экипажы бас жүлде үшін сайысқа түседі.


Соңғы жаңалықтар