Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Тәңір-Жомарт, Атазаң, Ару-Астана: Еліміздегі ерекше есімдер қандай

2021 жылғы 27 қараша 15:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Қазақстанды бейнелейтін есімдері бар адамдар кездеседі. Мұндай қызықты деректі Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде Қазақстанды бейнелейтін есімдері бар адамдар кездеседі: Қазақстан - 32 адам; Нұрсұлтан - 44 387 адам; Астана - 26 адам; Тәуелсіздік - 1 адам; Елбасы 67 - адам; Атазаң - 1; Теңге - 86 адам атымен. Сондай-ақ, қазақ қайраткерлерінің есімдері де кездеседі: Ахмет Батұрсынов - 11; Мағжан Жұмабаев - 105; Сәкен Сейфуллин - 11; Ільяс Жансугиров - 1. Ерекше есімдер: Тәңір-Жомарт - 1 адам; Нұрпатшайым - 1 адам; Ахмет Байтұрсын - 1 адам; Ақ-тілек - 1 адам; Сүйкімді - 1 адам; Таңғажайып - 1 адам; Тәттім - 1 адам; Султан Бейбарыс - 1 адам; Ару-Астана - 1 адам; Сұлубике - 1 адам», - делінген бюро келтірген деректерде.

Сондай-ақ бюро Қазақстанда 2020 жылы ата-аналардың балаларына қойған ең көп есімдерді де ұсынады. Ең көп берілген есімдер мыналар: ұлдарға Алихан - 4661; Айсұлтан -3377; Нұрислам - 2959; Алдияр - 2362; Амир – 2348ал, қыздарға Медина - 5534; Айлин - 4946; Раяна - 4678; Айша - 4619; Асылым – 4443.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары