«Таңбалы тастар - бабалар ізімен» экспедициясы тарихи орындарды аралап шықты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Таңбалы тастар - бабалар ізімен» атты экспедиция ұйымдастырылды. Түркістан облысы ішкі саясат басқармасы ұйытқы болған тур Бәйдібек, Созақ аудандары мен Кентау қаласын қамтыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған экспедиция Қазақстанның киелі жерлеріне енген өңірдегі 24 нысанды таныстыру әрі киелі өңірдің бай тарихы мен таңбалы тастарын насихаттау мақсатында өтті. Сонымен қатар, өңірге келетін қонақтар үшін жаңа туристік бағыттарды қалыптастыру көзделді. Екі күнге созылған экспедиция барысында қатысушылар Бәйдібек ауданындағы Боралдай петроглифтері мен Ақмешіт үңгіріне, Созақ ауданындағы Ысқақ баб кесенесі мен Арпаөзен петроглифтеріне жол тартты. Сондай-ақ, Созақ көне қаласы мен Қарабура кесенесіне, Кентау қалалық өлкетану музейі бағыттары бойынша тарихи жерлерді аралады.

nullЖергілікті өлкетанушылардың айтуынша, Түркістан облысында 3 мыңнан аса петроглиф бар. Басым көпшілігі Сақ дәуірінің жәдігерлері. Ал, ондағы тас таңбаларда көбіне көшпелілердің тұрмыс-салты бейнеленген.

Жалпы, мұндай экспедицияның ұйымдастырылуы бабалардан қалған тарихи баға жетпес мұраларды көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге зор мүмкіндік бермек.  
 null null null 

Соңғы жаңалықтар